"Алматы жастары" бағдарламасы 2022 жылы да жалғасын табады

3513

Биыл жоба аясында 900 қала тұрғыны баспаналы болды.  

"Алматы жастары" бағдарламасы 2022 жылы да жалғасын табады

Бұл туралы Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы басшысының орынбасары Ермек Әміров онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

“Алматы жастары” тұрғын үй бағдарламасы арқылы жаңа немесе қайталама нарықта тиімді 5%-бен, 10% бастапқы жарнамен пәтер сатып алуға болады. Несиенің максималды сомасы – 18 млн теңге. Несиелеу мерзімі – 6 айдан 25 жылға дейін”, – деді Ермек Әміров.

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады, олар: медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, Халықты әлеуметтік қорғау және құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Өтінімді https://almaty-jastary.info сайтында беруге болады.

“Бұл бағдарламаға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бастамашы болды. Биыл "Алматы жастары" жобасы аясында Отбасы банкі арқылы 900 пәтер мақұлданды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бағдарлама сұранысқа ие, сондықтан оны іске асыру 2022 жылы да жалғасатын болады”, – деді спикер.

"Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы, құжаттар тізімі, жұмыс істейтін жастар, баспана алу, жалдап тұру, "Алматы жастары"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу