"Алматы жастары" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қосымша іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Іріктеудің бұл кезеңі биыл 29 шілдеден 7 тамызға дейін негізгі конкурстық кезеңде өтінім берген, бірақ құжаттарды дұрыс толтырмау немесе дұрыс тапсырмау себебінен оң шешім алмаған азаматтарға ғана қолжетімді болады.
Өтінім жіберушілер туралы ақпарат almaty-zhastary2024.kz сайтының басты бетінде - "Қайта өңдеуге жіберілген азаматтар тізімі" бөлімінде қолжетімді. Құжаттарға түзетулер мен жаңартулар енгізу кезеңі 2024 жылғы 23-31 желтоқсан аралығына белгіленген.
Қосымша түсініктемелер мен консультациялар алу үшін азаматтар Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының +7 (727) 225 14 57 көпарналы телефоны арқылы жүгіне алады.