"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу өтеді

Оған биыл байқаудың іріктеу кезеңінде өтініш берген, бірақ құжаттарын дұрыс тапсырмай жобадан тыс қалған алматылықтар қатыса алады.

"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу өтеді

Алматы қаласының әкімдігі "Алматы жастары" қалалық жеңілдетілген несие беру бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қосымша іріктеу туралы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұл жолы бағдарламаға байқаудың іріктеу кезеңінде (2022 жылғы 18 мамырдан 1 маусымға дейін) өтініш берген, бірақ құжаттың дұрыс толтырылмауына, рәсімделмеуіне байланысты өтпеген өтініш берушілер ғана бағдарламаға қатыса алады", – деп хабарлады шаһар әкімдігі.

Барлығы 1 000 қарыз қарастырылып, төлем қабілеттілігі бойынша 863 несие мақұлданды. Қалған 137 орынға бұрын құжат тапсырған 5 225 қатысушы үміткер бола алады.

"Ол үшін 2022 жылдың 10-14 қазаны аралығында almaty-zhastary.kz сайты арқылы өтініміңізге өзгеріс енгізіп, құжаттарды тізімге сәйкес жаңарта аласыз. Анықтама телефоны: +7 (727) 225 14 57", – деп нақтылады әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу