"Алматы Жастары" бағдарламасы келесі жылы жалғасады

819

Биыл Алматыда 2,4 млн шаршы метр баспана салынды.

"Алматы Жастары" бағдарламасы келесі жылы жалғасады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев елордада өткен есеп беру брифингінде тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары және тұрғын үй құрылысының қарқыны туралы айтты.

Оның сөзінше, 2020 жылы Алматыда 2 млн 396 мың шаршы метр баспана пайдалануға беріледі. Бұл 22 626 пәтер, 2 062 жеке тұрғын үй. Оның ішінде "Нұрлы Жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында – 290 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 5 206 пәтер бар.

Сонымен қатар Алматыда "7-20-25" жеңілдетілген ипотекалық несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, осы арқылы 76,5 млрд теңге тұратын 5 605 пәтерге өтініштер мақұлданған.

Биылғы жылы Алматы әкімдігі білім және ғылым, БАҚ, әлеуметтік қызмет көрсету салаларында қызмет ететін 35 жасқа дейінгі жастарға арналған "Алматы Жастары" атты жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасын іске қосты. 
Бағдарлама бойынша бастапқы жарна пәтердің жалпы құнының 10%-ын құрайды. Несиелік шарт жылдық 5%-бен 25 жыл мерзімге рәсімделеді. Жеңілдетілген шарттардың арқасында медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлері арасынан 894 алматылық жастар көптен күткен баспаналарының кілтін алды. 

"Жыл соңына дейін қаланың барлығы 1 мың жас тұрғындары баспаналы болады. Келіп түскен өтініштердің санын ескере отырып, бұл қала жастары тарапынан сұраныстың артқанын көрсетеді, бағдарламаны іске асыру келесі жылы жалғасады", – деді Бақытжан Сағынтаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу