"Алматы жастары" бағдарламасының бюджеті 20 млрд теңгені құрайды

Биылғы жылы "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 17 млрд теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артық. 

"Алматы жастары" бағдарламасының бюджеті 20 млрд теңгені құрайды Фото: azattyq-ruhy.kz

Сондай-ақ, "Отбасы банкінің" өз қаражатынан тағы 3 млрд теңге бөлінді. 

Тұрғын үй бағдарламасымен кемінде 1100 адамды қамту жоспарлануда. Өтінімдерді қабылдау 15 мамырдан басталады. Өтінімдерді қабылдау туралы ӨКҚ-нің брифингінде коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Данияр Қырықбаев егжей-тегжейлі баяндап берді.

"Алматы жастары" бағдарламасының бір ерекшелігі қатысушыларға бастапқы және екінші нарықтан тұрғын үйді өз бетінше таңдауы үшін төмен пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй несиелері берілуде. Қала жастары тарапынан үлкен сұраныс пен жоғары қызығушылықты, сондай-ақ өткен жылдардағы қатысушылардың санын ескере отырып, бағдарлама биыл да өз жалғасын таппақ. Айта кетсек, 2022 бағдарламасы бойынша 1097 отбасы баспанаға ие болды", - деді Данияр Қырықбаев.

Несиелендіру шарттары:

- несиенің максималды сомасы 18 млн теңгеге дейін;

- сыйақы мөлшерлемесі – 5%;

- бастапқы жарнасы – 10%;

- бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігін қамту – кемінде 1100 адам болады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

1. Қазақстан Республикасының азаматтығы,

2. Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда),

3. Бағдарламаға өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің соңғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы;

4. Міндетті зейнетақы жарналары болған кезде, Алматы қаласында, жекелеген облыстарда кемінде 6 ай лауазымдық жұмыс өтілі болуы шарт.

Қатысушылар өтінім мен құжаттарды арнайы www.almaty-zhastary.kz сайтында ЭСҚ арқылы тапсыруы қажет.

"Сондай-ақ біз қатысушылардан веб-сайттағы Бағдарламаның шарттарымен мұқият танысуды және веб-сайтта көрсетілген тізімге сәйкес барлық қажетті құжаттарды тіркеуді сұраймыз (веб-сайттағы бейне нұсқаулық). Барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасына +7 (727) 225 14 57 телефоны арқылы хабарласуларыңыз қажет", - деді спикер.

Сондай-ақ ол, биыл Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен бағдарлама аясында жас мұғалімдер мен дәрігерлерге тағы 100 қарызға лимит ұлғайтылғанын атап өтті (мұғалімдерге - 50, дәрігерлерге – 50).

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы өтініштерді қабылдау мерзімі өткен күннен бастап 20 жұмыс күні ішінде ұпайларды есептеп, негізгі және резервтік тізімдерді, сондай-ақ қабылданбағандардың тізімін іріктеп қалыптастырады. Жинаған ұпай санына қарай төлем қабілеттілігін бағалау үшін "Отбасы банкіне" жолдама береді.

Өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың бүкіл кезеңі ішінде бағдарламаға қатысушылардың ұсынылған өтінімдерін өңдеу, өзгерту, толықтыру мүмкіндігі бар. Департамент қатысушыларды іріктеу рәсіміне қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдерін де тартып, қатыстырып отырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу