Алматы жастары Тәуелсіздік күніне орай патриоттық флешмоб ұйымдастырды

174

Тәуелсіздіктің алтын бесігі – Алматыда жастар ауқымды патриоттық акция өткізді.

Алматы жастары Тәуелсіздік күніне орай патриоттық флешмоб ұйымдастырды

Басты ерекшелігі – Мемлекеттік Тумен өткен акция алғаш рет мұз айдынында ұйымдастырылды: қатысушылар алып көк Туды салтанатпен көтеріп алып өтті, бәрі бірге ҚР Әнұранын шырқады және өтіп бара жатқан жұртқа кішкентай жалаушалар таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Флешмоб Арбатта және Назарбаев даңғылындағы жаңа гүлзарда өтті.

Іс-шараны тамашалаған алматылықтар қатысушыларды қолдап, әсерлерімен бөлісті. Аталған іс-шара Алматыда Тәуелсіздік күніне арналған кешенді іс-шаралар бағдарламасы аясындағы акциялардың бірі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу