"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар керек

1349

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар қажет екендігі белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Отбасы банкінің" желідегі парақшасына сілтеме жасап.  

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына қатысу үшін қандай құжаттар керек

Достар, Алматы Жастары бағдарламасына қатысу үшін, заем алушының/заемшыластың төлем қабілеттілігін тексеру үшін құжаттар дайындау қажет.

1. Банктен төлем қабілеттілігін тексеруге жолдама

2. Клиенттің және клиент жұбайының жеке басын куәландыратын құжат

3. Неке қию/некені бұзу туралы куәлік /сот шешімі/ қайтыс болу туралы куәлік 4. Балаларының туу туралы куәлігі

5. Барлық міндетті төлемдерді көрсете отырып (қажет болған жағдайда), жалақы туралы анықтама (соңғы 7 немесе 13 ай үшін).

Қажет болған жағдайда Банк қосымша құжаттарды талап етуге құқылы екенін есте ұстаған жөн!

Барлық құжаттар түпнұсқада ұсынылады!

Еске салсақ, "Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурыздан басталатындығы туралы хабарлаған болатынбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу