"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

934

Биыл берілетін сома 13 млн теңгеден 18 млн теңгеге ұлғайтылды.   

"Алматы жастары" тұрғын үй бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Қала тұрғындарын тұрғын үймен қамтуға негізделген "Алматы жастары" бағдарламасына өтінім қабылдау 10 наурызда басталып, 31 наурызға дейін жалғасады, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

Бағдарлама аясында несие 5% мөлшерлемемен беріледі. Сонымен қатар бастапқы жарна 10%. Қатысуға өтінім жіберу үшін банк бөлімшесіне барудың ұажеті жоқ. Бар болғаны www.almaty-zhastary.kz сайтына кіріп, электронды қолтаңбаның көмегімен өтігіш беруге болады. Ал басты өзгеріс баспана алуға берілетін сома 13 млн теңгеден 18 млн теңгеге дейін өргертілген. 
Бағдарламаға: 
• Медицина қызметкерлері; 
• Білім беру қызметкерлері; 
• Мәдениет саласында жұмыс істейтіндер; 
• Спорт саласының қызметкерлері; 
• Жоғары оқу орны қызметкерлері; 
• Әлеуметтік сала қызметкерлері; 
• БАҚ өкілдері; 
• Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыса алады. 

Биыл бағдарламаға бюджеттік мекемелердің барлық қызметкерлері қатыса алады. Өткен жылы мектепте жұмыс істеген есепшілер қатыса алмаса, биыл өтініш бере алады. Мұндағы басты талаптар Алматыда кем дегенде 6 ай жұмыс жасау, өтініш берушінің және онымен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелерінің атында соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жылжымайтын мүліктің болмауы және үміткердің жасы 35-тен аспауы керек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу