Алматыда жастарға арналған "Алматы Жастары" атты жаңа тұрғын үй бағдарламасы барысында 35 жасқа дейінгі алматылықтар жеке пәтерге ие болу үшін жеңілдетілген заемге қол жеткізе алады. Әкімдікте "Тұрғынүйжинаққұрылысбанкі" АҚ мен қаланың Тұрғынүй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ынтымақтастық туралы тиісті келісімге қол қойды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Алматы Жастары" бағдарламасының басты ерекшелігі пайыздық төлемнің төмендігінде - көлемі 10 млн теңгеге дейінгі заемға жылына 5% жеңілдік беріледі. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі төлем қабілетіне қарай 3 жылдан 25 жылға дейін жеке жасалады.
"Біз тұрғынүй-құрылыс жинағы жүйесінде алғаш рет әкімдікпен салымшыларды қолдауға бағытталған келісімге қол қойып отырмыз. Егер бұған дейін барлығы тұрғын үй құрылысын қолдауға тырысса, енді бағытымыз бірінші рет өзгерді. Бүгін біз Алматы әкімдігімен бірге арнайы жастардың тұрғын үй-құрылыс жинағына деген сенімін арттыруды көздеп отырмыз. Алматы бойынша біздің қоржынымыз қомақты. Бүгінгі күні біздің филиалда 147 мың адамның депозиті бар, оның 50 мыңы, біз есептеп көрдік, 20-30 жас аралығындағы жас адамдар. Әрі олардың 13 мыңы биылғы жылы келгендер", - деп атап өтті "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің" басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова.
Бағдарламаға қатысу үшін 10 күн ішінде өтініш беру қажет. Оны арнайы almaty-zhastary.kz. сайты арқылы жасауға болады. Авторизация үшін жақын маңдағы ХҚКО-нан электронды цифрлы қолтаңба алу керек. Өтініш қабылдау мерзімі аяқталған соң қатысушыларды іріктеу басталады. Жеңілдетілген несие алудың кандидаттар пулына жас алматылықтарға қолдау білдіретін "Алматы Жастары" бағдарламасының барлық крийтерилері бойынша арнайы баллдық жүйе арқылы іріктелгендер енеді. Баллға некеде тұрған жылы, балалар саны, жұмыс өтілі мен еңбек ететін жері, жеке кәсіпкерлігі, Алматыда тіркелген мерзімі және басқалары ықпал етеді. Пул толық жасалғаннан кейін ғана "Тұрғынқұрылысжинақбанкі" өз жұмысына кіріседі. Ол кандидаттың төлем қабілетін тексерді, сонан соң 5 % пайыздық жеңілдетілген заемді береді. Жастарға берілетін несиенің жалпы көлемі - 10 млн теңге. Заем тек жаңа үй сатып алуға беріледі, пәтерді бағдарламаға қатысушы өзі таңдайды.