Алматы жатақханасындағы өрт бойынша қылмыстық іс тіркелді

440

Хостелдегі өрттің себептерін анықтау үшін министр генерал-майор Сырым Шарипханов бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы жіберілді. 

Алматы жатақханасындағы өрт бойынша қылмыстық іс тіркелді Фото: inbusiness.kz

Алматыдағы жатақханада 13 адам қаза тапқан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Хостелдегі өрттің себептерін анықтау үшін министр генерал-майор Сырым Шарипханов бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел тобы жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт жертөле дәлізінде болған. Өрт орнында Алматы қаласы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеп жатыр. Бұл объект бір жарым ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған. Хостелдің ауданы – 457 шаршы метр. Алматы қаласы ТЖД өрттің осы фактісі бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді", - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың өкімімен Алматы қаласындағы хостелде болған өрттің себебін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу