Алматы ЖЭО-2 алаңында газ станциясын салатын мердігер анықталды

Келісімшартқа қол қою рәсімі 31 мамырда өтеді. 

Алматы ЖЭО-2 алаңында газ станциясын салатын мердігер анықталды Фото: www.samruk-energy.kz

Алматы қаласында ЖЭО-2 алаңында жаңа газ станциясын салуға байланысты халықаралық тендердің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

2023 жылғы 31 мамырда тапсырыс беруші – "Алматы электр станциялары" АҚ (АлЭС) мен конкурс жеңімпазы мердігер арасында ЕРС - келісімшартқа (жұмыстардың толық циклін орындау туралы құжат) қол қойылады.

Өткен жылдың қазан айында Еуропа Қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) халықаралық стандарттары мен ережелеріне сәйкес "Алматы ЖЭО-2-ні қоршаған ортаға әсерін барынша азайта отырып жаңғырту" жобасы шеңберінде ЕРС-мердігерді таңдау бойынша екі кезеңді ашық халықаралық тендер жарияланғанын естеріңізге сала кетейік.

Қараша айында станция иесі АлЭС пен ЕҚДБ арасында Жобаны қаржыландыру туралы несиелік келісім жасалды. Жалпы, жобаны қаржылық қолдауды ЕҚДБ-дан басқа Азия Даму Банкі (АДБ) мен "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (ҚДБ) кіретін халықаралық және қазақстандық банктер синдикаты жүзеге асыратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу