Алматы: Жетісу ауданында сумен қамту бойынша екі ірі жоба іске қосылады

424

Маусым айында әкімдік инженерлік желілерді жаңғырту бойынша 2 ірі жобаны басталады. 

Алматы: Жетісу ауданында сумен қамту бойынша екі ірі жоба іске қосылады Фото: Udelar

Бұл туралы тұрғындармен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

  • Біріншісі – Кемел шағын ауданында ұзындығы 75,6 км 33 көшеде сумен қамту және су бұру желілерін салу.
  • Екіншісі – ауданның 68 көшесінде 25,6 км сумен қамту желілерін реконструкциялау және 72 км су бұру желілерін салу.

"Бүгінгі таңда мердігер ұйымдар анықталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары маусым айында басталып, 2024 жылдың II-ші тоқсанында аяқталады. Бұл жобалар ауданның 10 мыңнан астам абонентін сапалы сумен және канализациямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді әкім.

Сонымен қатар, биыл 11 км көше жарығы жаңартылады. Жартылай жарық орнатылған 101 көшеде жұмыс жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу