Бұл туралы Facebook желісіндегі тікелей эфир барысында Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді.
"Бүгінде Алматыдағы жедел жағдайды бақылау, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ашу үшін біз "Жол қауіпсіздігі "және" Сергек" сияқты бірқатар ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Олардың санын тағы 362-ге көбейту жоспарлануда", - деген Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы қосымша камераларды орнату жұмысы қыркүйек айынан бастап қолға алынатынын жеткізді.
"Қосымша камералар жол көлік оқиғалары жиі орын алатын учаскелерге орнатылады. Осы аймақтарды анықтау бойынша арнайы сараптама жұмыстарын жүргіздік", – деді Қанат Таймерденов.
Сонымен қатар ол биылғы жылдың алты айында сыртқы бейнебақылау жүйелерінің көмегімен 3 392 қылмыстың ашылғандығын мәлім етті.
Еске сала кетсек, Алматыда "Сергек" ақпараттық кешені 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Бір аптада камераларға ереже бұзған жүргізушілерге қатысты 42 млн теңгеге айыппұл тіркеген.
Құралай Құдайберген