"Алматы жүрегімде-2022"халықаралық байқауы өтті

650

Ән байқауына Израиль, Болгария, Литва, Беларусь, Армения, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 20-35 жас аралығындағы 15 әнші қатысты, деп жазады inbuiness.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматы жүрегімде-2022"халықаралық байқауы өтті Фото: informburo.kz

Байқаудың бірінші күні қатысушылар өз елінің танымал эстрадалық шығармасын орындады. Екінші күні эстрадалық-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен қазақстандық әндерді орындады.

"Гран-при" номинациясы мен 2 млн теңге жүлдеге қазақстандық әнші Әділхан Макин ие болды. 1,5 млн теңге ақшалай сыйлық пен "1-ші сыйлық" номинациясы Армениядан келген Сюзанна Мелконянға бұйырды. "2-ші сыйлық" номинациясы және 1 млн теңге марапатты қазақстандық Мәди Сыздықов пен Мордовиядан Вячеслав Явкин өзара бөлісті.

500 000 теңге жүлдесі бар "3-ші сыйлық" номинациясы беларусьтік Анастасия Рачинскаяға, Грузия әншісі Георгий Такаидзе және Болгариядан келген Христиана Ждановаға берілді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу