Алматы жұрты аңыз адам Асанәлі Әшімовпен қоштасып жатыр

Қаралы жиында мәдениет және өнер саласының өкілдері, қоғам қайраткерлері, марқұмның әріптестері, шәкірттері және қала тұрғындары төбе көрсетті. 

Алматы жұрты аңыз адам Асанәлі Әшімовпен қоштасып жатыр Фото: inform.kz

Қоштасу рәсімі Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрында өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Көрнекті актер, режиссер, Қазақ КСР және КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов – қазақ халқына өте сыйлы, ең танымал жандардың бірі. Аты аңызға айналған тұлғаны жерлеу рәсімі "Кеңсай-1" зиратында өтеді.

Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 89 жасқа қараған шағында өмірден өткен еді. 

Ол қазақ киносы мен театрының алтын қорына енген көптеген рөлді сомдап, бірнеше буын актердің қалыптасуына тер төкті. 

Марқұмның жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталмақ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу