Ведомство Бейсенбиновты қамауға алу фактісін растады. Алайда оған нақты қандай айып тағылып отырғанын және аталған жайтқа қатысты өзге де ақпаратты жария етпеді. Айта кетейік, Қуаныш Бейсенбинов "Алматы жылу желілері" ЖШС бас директоры қызметіне 2018 жылдың сәуір айында келген еді және оны аталған қызметке сол кездегі қала әкімі Бауыржан Байбек тағайындаған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу