Олар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен "Алматы жылу желілері" ЖШС басшылығы пара алғаны үшін сотталды.
"Алматы жылу желілері" ЖШС бас директоры К.Бейсенбиновке 560 млн теңге сомасындағы айыппұлға, бас инженер Д.Қазымбетов 560 млн теңге сомасындағы айыппұлға, күрделі құрылыс басқармасының бастығы С.Джингильбаев 560 млн теңге көлеміндегі айыппұлға, пара бергені үшін "СпецКоммунСтрой" ЖШС директоры Б.Разимбеков 400 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындаумен сотталды. Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы сомасы 2 млрд 80 млн теңгені құрады. Бұл 350 орындық мектеп немесе 320 орындық балабақша құрылысының бюджетіне тең.
"Алматы жылу желілері" ЖШС лауазымды тұлғалары Алматы қаласында жылу желілерін қайта құру туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және ақша қаражатын аударғаны үшін Б.Разимбековтен 16 млн теңге сомасында пара алды деп күдіктенді", - делінген хабарламада.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.