Алматы жылыту маусымына дайын ба?

666

Алматыда жылу желілерін сынау жалғасуда. 

Алматы жылыту маусымына дайын ба?

Энергокешеннің жылу беру маусымына жалпы дайындығы  ағымдағы жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша 94% пайызды құрайды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Санжар Алин айтты, деп жазады  inbusiness.kz ӨКҚ-ге сілтеме жасап.

Спикер атап өткендей, жылу желілерінің дайындығы – 97%-ды, электр желілерінің дайындығы – 83%-ды, газ желілерінің дайындығы – 100%-ды, сумен жабдықтау желілерінің дайындығы – 100%-ды, су бұру желілерінің дайындығы – 100%-ды, Алматыжылужайэнерго қазандықтарының дайындығы – 85%-ды, АлЭС энергия көздерінің дайындығы – 74%-ды құрайды.

– Қазіргі таңда жылыту маусымына білім беру, денсаулық сақтау және көппәтерлі тұрғын үйлердің дайындығы – 100%-ды құрайды, – деді С. Алин. 

Алматыда "АЖЖЭ" кәсіпорны 110 тонна көмір және 7,9 мың тонна мазут дайындады. "АлЭС" АҚ кәсіпорнымен 186,5 мың тонна көмір және 19,3 мың тонна мазут сақталған. 

Қала тұрғындарын үздіксіз ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етуге тоқталатын болсақ, басқарма Бостандық (Оңтүстік қазандығы (80%) және Наурызбай ("Премьера" қазандығы (60%) аудандарындағы 2 қазандықты реконструкциялау жұмыстарын жүргізуде, жұмыстар 2023 жылы аяқталады, бұл 300 мың тұтынушыны жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қазандықтар мен жылу желілерін қайта жаңартудың бес жобасы әзірленуде. Жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуді 2022-2023 жылдары аяқтау көзделген (Жетісу және Түрксіб аудандары).

Сондай-ақ биыл 12 км жылу желісі қайта жаңартылып, 6 км желі оқшауланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу