Алматы зообағы жер сілкінісі кезінде жануарлар қалай әрекет еткенін айтты

453

Шимпанзе жұбы қорыққандарынан бір бірін құшақтап, бұрышта тығылып отырған.

Алматы зообағы жер сілкінісі кезінде жануарлар қалай әрекет еткенін айтты Фото: Видеодан скриншот

Алматы хайуанаттар бағы жер сілкінісі болған кезде аңдардың мінез-құлқында қандай ерекшеліктер байқалғанын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Айтуларынша, түн ішінде зообақта күзет қызметкерлері мен кезекші ветеринарлардан басқа адам болмайды.

Қызметкерлердің айтуынша, жер сілкінісіне дейін жануарлардың ешқандай ерекше іс-қимылдары байқалмаған.

Жер сілкінгеннен кейін қасқырлар ұлып, тырна, бүркіт, қаз, үйрек сияқты құстар шулай бастаған.

Таңертең қызметкерлер зообақтағы жалпы жағдайды тексеріп, барлық қоршауларды бақылап шыққан.

Олар қорыққандарынан бір бірінін құшақтап, бұрышта тығылып отырған Паша мен Лола шимпанзе жұбын көреді.

Өткен ғасырдың 80-90 жылдары ҚазССР Ғылым академиясының Сейсмология институты мамандарының жетекшілігімен Алматы хайуанаттар бағының Ғылыми кеңесі жер сілкінісін болжауға қатысты зообақ жануарлары арасында арнайы зерттеулер жүргізген.

Мамандар жануарлардың жер сілкінісі алдында және одан кейінгі іс-әрекеттерін, мінез-құлықтарындағы өзгерістерді зерттеген.

Сол кезеңдерде қалада адамдарға сезілген 15 жер сілкінісі болған екен.

6 түрлі жануар жер сілкінісі алдында әдеттен тыс іс-қимылдар жасаған екен. Көп жағдайда жер сілкінісін алдын ала жыландар сезіп, белсенді қимылдағаны байқалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу