Алматыдағы хайуанаттар бағына Душанбеден Беннет түріне жататын кішкентай кенгуру жеткізілді, деп жазды Instagram желісінде зообақтың баспасөз қызметі.
"Кенгурудың жасы төртте, енді ол біздің зообақтың "тұрғыны" болады. Жаңа келіп қосылған жануарды келушілер тек көктем келіп, күн жылыған кезде ғана көре алады. Ал әзірге ол жаңа үйіне бейімделіп жатыр", - деп хабарлайды зообақ жаңалығын жеткізушілер.
Кәдімгі Австралия кенгуруынан Беннет валлабиінің айырмашылығы оның денесі шағын болады. Сондықтан бұл жануарды кейде үй ішінде де өсіреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу