Алматы зообағына Мәскеуден ақ аю әкелінді

465

Ол 6 жаста.

Алматы зообағына Мәскеуден ақ аю әкелінді Фото: Алматы зообағы

Алматы зообағына Мәскеу хайуанаттар бағынан Пурга есімді ақ аю жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы зообағы баспасөз қызметінің мәліметінше, ақ аю Алматыға әкелмес бұрын үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Арнайы қоршау жасалып, бассейн салынды. ЕАРАЗА комиссиясының келісімі алынды.

"Бізге келгеннен кейін ақ аю карантинде болды. Бұл талап зообақтарға әкелінетін, басқа жаққа берілетін барлық жануарларға қатысты. Енді, карантин аяқталып, біздің келушілеріміз зообағымыздың жаңа тұрғыны – Пурганы көре алады. Оның орналасқан вольері кең, ауласында екі бассейні бар. Үйшігінің ішінде ауаны салқындатып тұратын арнайы желдеткіш орнатылған және суық еден жасалған",- деп хабарлады зообақтың баспасөз қызметі.

Ол сиыр, тауық етімен, түрлі балықтармен, алма, алмұрт, салат жапырағы, балмен қоректенеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу