Алматы зообағына амур жолбарыстары әкелінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Лад және Бентли есімді жолбарыстардың жастары екіде.
Алматы зообағының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жануарлар 27 қараша күні Астана циркінен жеткізілген.
"Қазір жыртқыштар арнайы карантинде, жағдайлары жақсы. Қажетті вакцинаны, дәрумендерді, ауруларға қарсы басқа да екпе-дәрілерді алды. Жас болғандықтан қимылдары ширақ. Бір-бірімен алысып, ойнайды. Күнделікті 6 келіден ет беріледі", – деді баспасөз қызметінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу