Алматы зообағында елік дүниеге келді

621

Оған Бәйшешек деп ат қойған.

Алматы зообағында елік дүниеге келді Фото: uniface.kz

Алматы хайуанаттар бағында елік дүниеге келді. 8 тамыз күні бақ қызметкерлері Бәйшешек есімді төл түсірілген видеоны бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Елік 28 маусымда әкесі Кругляшок пен анасы Райханнан туғаны айтылған. Бала біраз өскен. Қазір өзін жақсы сезінеді. Зообақ қызметкерлері жас елікке Бәйшешек деп ат қойған.

"Бұл ерекше сүйкімді жануар кімді естеріңізге түсіреді? Әрине, баршаңыздың есіңізге балаларға арналған мультфильмнен таныс еліктің лағы – Бэмбиді еске түсірген шығар. Әзірше Бәйшешек енесінің сүтін емеді. Аздап шөптің, жеміс пен жарманың дәмін тата бастады. Кішкентай Бәйшешекті зебралар вольерінің оң жағындағы үлкен қоршауда тұратын еліктер отбасынан көре аласыздар. Бәйшешек онда өзінің үлкен-кіші туыстарымен бірге жүреді. Кішкентай еліктің лағын көруге зообаққа келіңіздер!" делінген Алматы хайуанаттар бағыныңі Instagram-дағы парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу