Алматы зообағында ламаның төлі дүниеге келді

390

Оған Айшуақ деп ат қойған.

Алматы зообағында ламаның төлі дүниеге келді Фото: видео скриншот

Алматыдағы зообақта 2 маусымда таутайлақтың төлі дүниеге келген. Оған зообақ қызметкерлері Айшуақ деген ат беріпті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жануарлардың кішкентай төлдері бәрімізді қуантып, көңілімізді ерекше сезімге бөлейді .Біз жаңа туған әр бір төл үшін қуанамыз. 2 маусым күні зообағымыздағы таутайлақтар – Дастан мен Марси жұбында кішкентай таутайлақ өмірге келді. Біз оған Айшуақ деп ат қойдық. Түсі қызғылт сары, аспандағы айдың шуғаныдай болған соң осылай атадық. Оның көздері ерекше тұнық, кірпіктері де ұзын. Денесінде мамықтай жұмсақ жүні бар. Құлақтары үлкен, аяқтары жіңішке", делінген зообақ хабарламасында.

Айшуақ қазір өзін өте жақсы, сергек сезінеді екен. Секіріп ойнап, ата-анасына еркелейді. 

"Кішкентай ламаны сіздер зообағымыздағы түйелер мен Пржевальск жылқыларының жанындағы қоршаудан көре аласыздар. Ламалар түрлі шөптермен қоректенеді. Сұлы жармасын, картоп, сәбіз, қызылшаны да жақсы жейді", делінген хабарламада.

Сонымен қатар қызметкерлер олардың қорегіне бор мен тұз қосып береді. Айшуақ әлі де анасының сүтін емеді. Арасында үлкен ламалар сияқты шөп пен жеміс-көкөністердің дәмін татып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу