Алматы зообағының 18 жастағы "тұрғыны көз жұмды"

1607

Грация Алматыға 2003 жылы ОАР-дан жеткізілген екен.

Алматы зообағының 18 жастағы "тұрғыны көз жұмды"

Алматы зообағының қызметкерлері бақтың 18 жастағы тұрғыны Грация атты керікпен қоштасты.

"Бүгін хайуанаттар бағында бәрінің сүйікті керігі Грация өлді",– деп хабарлады зообақ баспасөз қызметі.

Аяғы ақсап қалғанымен, көңіл-күйі жақсы жануар аяқ астынан "көз жұмған".

"Өлімнің себебін анықтау үшін Қазақ ұлттық аграрлық университетінен сарапшы шақырылды. Сараптама жүргізілгеннен кейін, нәтижесі жарияланатын болады",– делінген хабарламада.  

Айта кетсек, Грация Алматыға 2003 жылы ОАР-дан жеткізілген екен. Алматыға "көшіп" келгеннен соң, 8 рет төлдепті.

Керіктер негізінен 25 жасқа дейін өмір сүреді, дегенмен қамаудағы керіктер, яғни зообақ күтіміндегілер 35 жасқа дейін жетуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу