Алматыға қалың қар жауды

129

Осыған байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.      

Алматыға қалың қар жауды Фото: gov.kz

Алматыда 10 наурыз кештен бастап қар толассыз жауды. Қар тазалау жұмыстарына 75 жедел бригада, 2710 жол саласы жұмысшысы және 1225 техника тартылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

200-ден астам жол тазалайтын техника жолға көктайғаққа қарсы арнайы материалдар сеуіп жатыр. Себу жұмыстары біткен соң техника 28 бригадаға бөлініп, көшелерді тазалау жұмыстарына кіріседі.

Қалалық қызметтердің мәліметінше, 10 см қар жауған. Қазіргі уақытта жолдарға үшінші рет құм-тұз қоспасы себіліп жатыр. Бұл шаралар көктайғақтың алдын алуға мүмкіндік береді.

Синоптиктердің болжамынша, таңертең ауа температурасы −5 градусқа дейін төмендейді. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, арақашықтық сақтауға, ал жүргіншілерге тротуарларда абай болу ескертіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу