Алматыда "барахолка" базарында қоймалар отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Оқиға орнында 21 техника, 6 өрт сөндіру көлігі, 78 адам, жұмылдырылды. Өрт 15:05-те ауыздықталды. Тілсіз жау 2950 шаршы метр аумақты шарпыды", - деді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
Алдын ала ақпарат бойынша өртенген ғимаратта қоймалар орналасқан.
Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, түскі 13:41 шамасында өрт сөндіру қызметінің кезекші пультіне Жетісу ауданы, Москвин көшесі 7 мекенжайындағы ғимарат өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу