Бүгін таңғы сағат 08:10-да Алматыдағы Алмалы ауданында орналасқан "Центркредит" банкінің бөлімшесіне шабуыл жасалып, белгісіз 2 адам күзетшінің қаруын тартып алып кетті.
Бұл туралы хабарлама Алматы қ. ІІД жедел басқару орталығына келіп түсті. Осыған байланысты қала бойынша "Сирена" арнайы жоспары жарияланды. Қылмыскерлерді іздестіру және ұстау жөнінен шұғыл шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлады 24kz.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу