Алматыда "Цифрлық Қазақстан" форумы өтіп жатыр

1111

Алматыда "Цифрлық Қазақстан" форумы өтіп жатыр

 

"Цифрлық Қазақстан". Осындай тақырып аясында Алматыда бірінші несие бюросының ұйымдастыруымен үлкен жиын өтіп жатыр. Онда тәуекел менеджементі, несиелік бизнес сынды өзекті мәселелер кеңінен талқылауға алынған. Нақтырақ айтсақ, қаржы сектораның сандық жүйеге көшу жай-күйі сөз болып жатыр.

Бас қосуға 300-ге тарта маман қатысуда. Сонымен қатар, машиналық оқыту техникасындағы алғашқы скоринг, банк қызметін толық жаңа талапқа енгізу қағидаттары негізгі тақырыптардың бірі. Осымен 4-ші рет өтіп жатқан конференцияда цифрландыру жүйесіне қатысты тағы бірқатар маңызды түйткілдердің басы шешіледі. Форумда арнамыздың мобильді студиясы да жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу