Алматыда жанар-жағармай құю станцияларында АИ-92 маркалы бензин бағасы бір литрге 151 теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлайды КазТаг.
Мысалы, "Royal Petrol" жанармай құю бекеттерінде AИ-92 маркалы бензин құны Т147-ден Т150 дейін өсті. AИ-95 маркалы бензин литріне T164 –тен сатылып жатыр (бұрын құны бір литр үшін Т159 болған). Helios ЖМҚС-терде АИ-92 маркалы бензин бағасын Т150-ге (T145) көтерді, AИ-95 - T164 (T159).
Sinoоil жанар-жағар май құю станцияларында АИ-92 - Т146 (Т145), АИ-95 - Т161 (Т159) маркалы бензин бағасы сәл артты.
"Газпром нефть-Қазақстан" жанармай құю станцияларының желісінде АИ-92 - T151 (T147) және АИ-95 - Т170 (Т168) сатылды.
Тек "ҚазМұнайГаз Өнімдері" жанар-жағар май стансасында жанармай бағасы бұрынғысынша қалды және AИ-92 литріне - T147, AИ-95 - T160 және дизель -T146 бұрынғы бағалары бойынша шығарылады.
Естеріңізге сала кетейік, бензин бағасының көтерілуінің алдыңғы толқыны қыркүйектің бірінші жартысында өткен, ал Қазақстандағы ірі мұнай құю станцияларының барлық желілерінде орта есеппен Т2 деңгейіне көтерілді.