Алматыда "Тар заман" фильмінің тұсаукесері өтті

1265

Алматыда "Тар заман" фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда Алаш арыстарының тар жол, тайғақ кешуі жайында түсірілген "Тар заман" атты фильмнің тұсаукесері өтті. Туындыны қалың көпшілік барлық кинотеатрлардан көре алады, деп хабарлайды almaty.tv.

Туындыда 20-шы ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының отаршылдықтан азат ету жолындағы күресі баяндалады. Режиссер көрнекті Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай мен Жүсіпбек Аймауытовты сомдаған актерлерді еліміздің әр өңірінен тапқан. Кастинг кезінде зиялылардың портреттік ұқсастығына аса мән берілген. Түсірілім Қазақстанның бес қаласында өтіпті.

"Рулық қоғамнан мемлекеттік қоғам құру талпынысы. Ең басты мақсат сол. Өйткені, сол кезде қазақ интелегенциясының пайда болуы, Қазақ интелегенциясының алға қойған мақсаты, сол мақсатқа жету үшін қандай іс-әрекеттерге олар барды? Сол мақсаттарына жете алды ма? Жете алмады ма? Тарихи тұлғалардың өздерінің 100 шамадан астам персонаж болды. Қойылымда 200-ден аса образдар болды", - деді "Тар заман" фильмінің режиссері Мұрат Бидосов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу