Алматыда 1,3 мыңнан астам көлік ауаға шамадан тыс зиянды зат шығарған

116

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.  

Алматыда 1,3 мыңнан астам көлік ауаға шамадан тыс зиянды зат шығарған Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда жыл басынан бері шығарындылар нормасынан асатын 1,3 мыңнан астам автокөлік анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Eco Almaty өкілдерінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері жүргізілген мониторинг барысында 5496 автокөлік тексерілген. Оның 1301-інен, яғни тексерілген әр төртінші көліктің дерлік бірінен, пайдаланылған газдар құрамындағы зиянды заттардың белгіленген нормативтерден асып кеткені анықталды.

Алматыда автокөлік шығарындыларын бақылау қала ауасын қорғау қағидалары аясында тұрақты түрде жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты – белгіленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін көліктерді анықтау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу