Алматыда 1 ақпаннан бастап карантин талаптары күшейтіледі

1002

Шаһарда базарлар мен сауда орталықтарының жұмысы шектелмек. 

Алматыда 1 ақпаннан бастап карантин талаптары күшейтіледі

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Құжатқа сәйкес жұмыс күндері сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін ғана келушілерді қабылдаса,  демалыс күндері олардың қызметіне тыйым салынады. Осылайша демалыс күндері жабық базарлар жұмыс істемейді. 

"Жұмыс күндері сағат 17.00-ге дейін қызмет етуге рұқсат етілді. Қоғамдық тамақтану объектілері де сағат 9:00-ден 20:00-дейін ғана келушілерді қабылдайды", - деп жазылған қаулыда. 

Алайда олардың толымдылық деңгейін 50%-дан асыруға тыйым салынған. Бұл ретте әдеттегідей  карантин талаптары сақталуға тиіс. Олар әлеуметтік арақашықтық, бет берде тағу. Бұған қоса сауда және ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан фуд-кордтардың қызметіне де шектеу қойылады.  Енді қоғамдық тамақтану орындары сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін ғана дайын тамақты үйге жеткізу форматында ғана жұмыс істейді.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу