"Алматы марафонын" өткізуге байланысты 1 қазан күні сағат 7:00-ден 13:30-ға дейін жарыс өтетін кей көшеде көлік қозғалысы шектеледі. Спортшылар жүгіріп өткен көшелерде біртіндеп жол ашылады.
30 қыркүйек сағат 6:00-ден 1 қазан 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесінде (Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейін) жол жабылады.
01.10.2023 мына бағыттарда көлік қозғалысы шектеледі:
- 7:00-ден 10:40-қа дейін Назарбаев даңғылы (Сәтбаевтан әл-Фарабиге дейін)
Балама жол Достық даңғылының екі бағытымен өтеді.
- 7:00-ден 11:10-ға дейін Әл-Фараби даңғылы (Назарбаевтан Шашкинге дейін)
Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық
Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.
- 7:00-ден 13:30-ға дейін Әл-Фараби даңғылы (Шашкиннен Сайынға дейін)
Оңтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық
Шығыс бағытындағы балама жол Абай даңғылымен өтеді.
- 7:00-ден 13:00-ге дейін Сайын көшесі (Әл-Фарабиден Абайға дейін)
Батыс жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық
Солтүстік бағытындағы балама жол Бауыржан Момышұлы көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 13:30-ға дейін Абай даңғылы (Сайыннан Байтұрсыновқа дейін)
Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық
Шығыс бағытта балама жол Әл-Фараби даңғылы, Төле би көшесі, Құрманғазы көшесі, Қабанбай батыр көшелерінің бойы.
- 7:00-ден 14:00-ге дейін Байтұрсынов көшесі (Абайдан Сәтбаевқа дейін)
Балама жол Байзақов көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 13:30-ға дейін Сәтбаев көшесі (Байтұрсыновтан Желтоқсанға дейін)
Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Құрманғазы көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 10:35-ке дейін Сәтбаев көшесі (Байзақовтан Байтұрсыновқа дейін)
Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта Құрманғазы көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 10:35-ке дейін Шашкин көшесі (Әл-Фарабидан Тимирязевқа дейін)
Балама жол Марков көшесімен өтеді.
- 7:00-ден 10:35-ке дейін Тимирязев көшесі (Шашкиннен Байзақовқа дейін)
Балама жол батыс бағытта Абай даңғылымен, шығыс бағытта әл-Фараби даңғылымен өтеді.
- 7:00-ден 10:35-ке дейін Байзақов көшесі (Тимирязевтен Сәтбаевқа дейін)
Балама жол солтүстік бағытта Әуезов көшесімен, оңтүстік бағытта Манас көшесімен өтеді.
Республика Алаңына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын бағыттар:
- Желтоқсан көшесімен оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін
- Сәтбаев көшесімен батысқа қарай Назарбаев көшесіне дейін
- Назарбаев даңғылынан оңтүстікке қарай Сәтбаев көшесіне дейін
- Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен Нұрлы тауға дейін және Республика алаңына дейін жаяу жету
- Абай даңғылынан батысқа қарай Желтоқсан көшесіне дейін
- Шевченко және Құрманғазы көшелерімен Желтоқсан көшесіне дейін
- "Абай" метро станциясына дейін