Алматыда 1 қыркүйекке дайындық: жүргізушілерге ескерту жасалды

399

​Жаңа оқу жылының басталуына орай Алматы көшелеріндегі көлік қозғалысына түсетін салмақ күшеюі мүмкін. Осыған байланысты қала тұрғындарына қоғамдық көлікті көбірек пайдалануға кеңес берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Алматыда 1 қыркүйекке дайындық: жүргізушілерге ескерту жасалды Фото: ЖИ

Қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының мәліметінше, қазір күн сайын қала бағыттарына 3 232 автобус пен троллейбус шығып, шамамен 1,6 млн жолаушыға қызмет көрсетеді.

1 қыркүйектен бастап жолаушылар ағыны көбейетін бағыттарға резервтегі қосымша көліктер шығарылады. Әсіресе мектептер орналасқан аумақтар арқылы өтетін маршруттарға басымдық берілмек.

Мамандар тұрғындарға оқу жылының алғашқы күні жеке көліктен мүмкіндігінше бас тартып, қоғамдық көлікті таңдауды ұсынды. Полиция департаменті де жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, таңғы уақытта көлік қозғалысына түсетін жүктемені ескеруге шақырды.

Полицияның айтуынша, тұрғындардың бір бөлігі көлігін үйде қалдырса, қаладағы көлік ағыны айтарлықтай азаюы мүмкін. Мәселен, әрбір бесінші отбасы 1 қыркүйекте жеке көлікпен шықпаса, мыңдаған автокөлік жолдарға қосымша салмақ түсірмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу