Алматыда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған негізгі мерекелік шаралар Абай алаңында өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сағат 11:00-ден 12:15-ке дейін бас сахнада еліміздің этникалық және мәдени әртүрлілігін танытатын қазақстандық орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді. Көрермендерге вокалды және аспаптық шығармалар, халық билері мен заманауи композициялар ұсынылады.
Сахна төрінде L Duo дуэті, пианист Темірлан Бейсенбай (Ratovich), "Diamond" струнды триосы, дудукист Мейірман Абдрахманұлы, "Дервиши", "Made in KZ" топтары мен Башқұртстаннан келген "Ay Yola" тобы өнер көрсетеді. Күндізгі концерт Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаеваның орындауымен қорытындыланады.
12:15-тен 16:00-ге дейін этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мерекелік концертті жалғастырады. Ал кешкі сағат 19:00-де Абай алаңында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен шоу-концерт өтеді. Басты жұлдыз – Айқын Төлепберген. Сондай-ақ Бүркіт, Марсель, Думан Марат пен Мархаба Сәби өнер көрсетеді.
Сонымен қатар Абай алаңында "Единство народа в фокусе" атты фотокөрме ұйымдастырылады. Онда келушілер Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық тарихынан сыр шертетін сәттерді тамашалай алады.
Мерекеге орай Тұңғыш Президент саябағында сағат 10:00-де бірлік жүгіру жарысы өтеді. 300-ге жуық адам қатысатын бұл шара да Ассамблеяның мерейтойына арналған.
Алматының басқа аудандарында да түрлі мерекелік іс-шаралар жоспарланған:
-
30 сәуір – Әуезов ауданында сағат 11:00-де Family Park-та этно-концерт өтеді;
-
30 сәуір – Алатау ауданында сағат 15:00-де Инновациялық шығармашылық орталығында концерт өтеді (Нұркент шағын ауданы, 14а);
-
1 мамыр – Алмалы ауданында 12:00-де М. Ганди атындағы саябақта концерт өтеді;
-
1 мамыр – Бостандық ауданында 12:00-де "Атакент" аркасы алдында мерекелік шара ұйымдастырылады;
-
1 мамыр – Жетісу ауданында 11:00-де Арбатта (Айнабұлақ шағын ауданы) ойын-сауық шаралары өтеді;
-
1 мамыр – Медеу ауданында 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағында концерт өтеді;
-
1 мамыр – Наурызбай ауданында 11:00-де Шұғыла шағын ауданындағы амфитеатрда мерекелік концерт өтеді;
-
1 мамыр – Түрксіб ауданында 11:00-де №6 мектеп үйі аумағында (Сейфуллин даңғылы, 13/1) концерт ұйымдастырылады.