Алматыда 1 санаттағы жұмыртқаға шекті бағаның қолданылуы ұзартылды

922

Аталған шара 2021 жылғы 30 сәуірден бастап қолданылады.

Алматыда 1 санаттағы жұмыртқаға шекті бағаның қолданылуы ұзартылды

Тауық жұмыртқасына (1-санат) 487 тг/он дана рұқсат етілген бөлшек сауда бағасының қолданылу мерзімі күнтізбелік 30 күннен 90 күнге дейін ұзартылды. Алматы әкімдігі бұл шешімді бағаны ұстап тұру жөніндегі қалалық комиссияның ұсынымдары негізінде қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бағалардың сақталуын бақылауды Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мамандары аудандық әкімдіктермен бірлесіп жүзеге асырады. Аталған әрекеттер жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда, бұзушылық 100 АЕК-тен (291 700 теңге) 200 АЕК-ке (583 400 теңге) дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында жұмыртқаға шекті баға 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізілді. Бұл шаралар нарықтағы өнімнің құнын тұрақтандыру және сатушылардың бағаны негізсіз көтеруіне жол бермеу мақсатында жүргізіледі.

Тиісті қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне еңгізіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу