Алматыдағы Рысқұлов және Тілендиев көшелерінің қиылысында 10 көлік соқтығысып, жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен.
Жол-көлік оқиғасының салдарынан қалада үлкен кептеліс пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.
Алматы қаласы Полиция департаменті зардап шеккендерді анықтап жатыр.
– Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінде хабарлағандай, Рысқұлов даңғылының бойында Тілендиев көшесінің қиылысында 10 автокөлік жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Жүк көлігінің жүргізушісінің денсаулығы нашарлап, ол бірнеше көлікпен соқтығысқан. Зардап шеккендердің саны және егжей-тегжейлі жағдайлар анықталады, – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу