Алматыда 10 маусымнан бастап ыстық су уақытша өшіріледі

198

Бұл туралы "Алматы жылу желілері" ЖШС мәлімдеді.

Алматыда 10 маусымнан бастап ыстық су уақытша өшіріледі Фото: УНИАН

Алматының үш ауданындағы кейбір үйде ыстық су болмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

10 маусымнан бастап "Алматыжылукоммунэнерго" ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кейбір үйде ыстық су уақытша өшіріледі, - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, мынадай көшелер мен тұрғын үй кешендерінің қиылысында орналасқан ғимараттарға ыстық су берілмейді:

Түрксіб ауданы:

10-14 маусым аралығында Кассина – Жұмабаев – Бехтерев – Будённый көшелерінің контурында;

10-21 маусым аралығында Рихард Сорже – Чехов – Молдағалиев – Ақан Сері көшелерінің контурында;

20 маусым мен 10 шілде аралығында Лавренев– Дөнентаев– Соболев – Зимняя көшелерінің контурында; Гёте – Новосибирс – Майлин – Заславский; Бекмаханов – Свободный – Бекмаханов– Сүйінбай; Сүйінбай – Хмельницкий – Поддубный – Дөнентаев;

20 маусым мен 11 шілде аралығында Собинов – Поддубный – Монтаж – Беринг көшелерінің контурында; 24-28 маусым аралығында Орджоникидзе – Кожедуба – Гёте – Читинск көшелерінің контурында; Элеваторск– Щелково – Сүйінбай – Щелково; Талас– Кассин – Дулатов – Монтина.

Жетісу ауданы:

24-28 маусым аралығында Шекспир – Эйхе – Жайсаң – Терешкова көшелерінің қиылысында.

Медеу ауданы: 

24-28 маусым аралығында Шахтинск– Демченко – Атбасар– Аяз би көшелерінің қиылысында.

Келтірілген уақытша ыңғайсыздарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - дейді "Алматы жылу желілері" ЖШС өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу