Алматыда 10 мың көпқабатты тұрғын үй жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

517

Алматыда телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және XGSPON жоғары жылдамдықты интернет технологиясын енгізу жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда 10 мың көпқабатты тұрғын үй жоғары жылдамдықты интернетке қосылады Фото: Алматы әкімдігі

Аталған технология деректерді 10 Гбит/с-қа дейінгі жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді. Алматы XGSPON технологиясын Wi-Fi 6 жүйесімен бірге енгізген Қазақстандағы алғашқы қала атанды.
 
Қазіргі уақытта жаңа инфрақұрылымға Түрксіб ауданындағы 80 тұрғын үй, сондай-ақ Наурызбай және Әуезов аудандарындағы 700-ден астам тұрғын үй қосылған.
 
2026 жылы жоғары жылдамдықты интернетке 10 мың көпқабатты тұрғын үйді қосу, кіреберістерге 40 мың бейнекамера орнату және 10 мың пәтерге әлеуметтік тариф ұсыну жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу