Алматыда 10 мыңдай әскери қызметші ТҚЖБ-да депозит ашты

925

"Ал 360 мыңнан астам отбасы жеке пәтерлерге ие болды", – деді Бауыржан Байбек.

Алматыда 10 мыңдай әскери қызметші ТҚЖБ-да депозит ашты

Алматыдағы 28-ші гвардияшылар-панфиловшылар саябағында Отан қорғаушы күніне орайластырылған салтанатты шара өтті. Дәстүр бойынша әскерге шақырылғандардың туыстары мен жақындары болашақ жауынгерлерге қолдау білдіруге келді.

Алматы әкімі Бауыржан Байбек еліміздің Қарулы күштері құрылған күннің Тәуелсіз Қазақстанның даңқты жылнамасына алтын әріптермен жазылғанын атап өтті.

"Тәуелсіздік жылдарында елімізде шайқасуға қабілетті, мобильді және мықты қаруланған армия қалыптасты. Мемлекет басшысы, Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен "Айбалта-2019" оқу-жаттығуы кезінде жоғары баға берді. Армияға мемлекеттік қолдау көрсету әскери қызметтің мәртебесін арттырды. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қамтуға тұрақты назар аударылуда. Тұрғын үймен қамтудың жаңа моделін енгузіден бастап Алматыда 10 мыңға жуық әскери қызметші Тұрғынүйжинаққұрылыс банкінде депозиттер ашты, ал 360 мыңнан астам отбасы жеке пәтерлерге ие болды", – деді Бауыржан Байбек.

Салтанатты шара барысында әскер қатарына шақырылғандарға сыйлықтар, "Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілеріне сертификаттар берілді, десантты-дауылды әскерилер бөлімшелерінің жаттығулары мен концерттік бағдарламалар ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу