Алматыда 10 мыңнан астам адам COVID-19 індетіне тексерілді

606

Індет жұқтырғандардың басым бөлігі Мәскеу, Ыстамбұл рейстерімен келген. 

Алматыда 10 мыңнан астам адам COVID-19 індетіне тексерілді

Алматыда 10 мыңнан астам адам COVID-19 індетіне тексерілді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте қалалық Тауарлар мен қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

"Мегаполисте 10 мыңнан астам адам қауіпті індетке тексерілді. Соның ішінде 93 жағдай расталды.  Ауырғандардың – 33%-ы Мәскеу, 25%-ы – Ыстамбұл, 16%-ы – Берлин, 13%-ы – Санкт-Петербор, 13%-ы Минск рейстерімен ұшып келген",– деді Айзат Молдағасымова. 

Сонымен қатар қаланың бас санитарлық дәрігері мегаполисте тестілер, реагенттер, барлық қажетті аппараттар мен тексеру жүргізуге арналған құралдар жеткілікті мөлшерде екенін айтты.

"Жас шамасына қарай алатын болсақ, індет жұқтырғандардың көбі 20-29 жастағылар. Екінші орында 30-39 жас және үшінші, төртінші орында 40-49 жас және тиісінше 50-59 жас та бар. 60 жастан асқан, яғни осал топтағылардың арасында 7 жағдай тіркелді. Оларға қажетті барлық медициналық препараттар жеткілікті", – деді Айзат Молдағасымова.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу