Табиғи апаттардың алдын алу мақсатында әзірленген картаның көмегімен қандай ғимараттарды күшейтіп, оның құрылысына қандай материалды қолдану керектігі ескеріледі, деп хабарлайды almaty.tv.
Тұрғын үйлердің жағдайын тұрғындар онлайн көре алады. Қазіргі таңда 10 мыңнан астам нысан цифрлық форматқа көшірілген. Арнайы картада нысандардың қайда тұрғанын және оған жақын инженерлік желілердің барлығы көрсетіледі.
"Болашақта бәрін көрсететін болады. Апатты үйлерді не істеу керек? Қай жерден қауіп келуі мүмкін? Қандай қауіпке қарсы жұмыс жасауымыз керек? Ол ақпараттың бәрі осы картаның ішіне енгізілген. Бүкіл ғимараттың құжаттарын жасағанбыз. Оған жеке тұрғын үйлер ғана кірген жоқ. Ол бөлек жұмыс. Біртіндеп жеке тұрғын үйлердің де ақпаратын жинаймыз", – дейді Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов.