Алматыда 10 сәуірде жылу беру маусымы аяқталады

122

Биыл қалада ұзындығы 39 км жылу желілерін реконструкциялау бойынша ауқымды жұмыстар жоспарланып отыр.  

Алматыда 10 сәуірде жылу беру маусымы аяқталады Фото: t.me/almaty_akimat

Алматы әкімі Ерболат Досаев жылыту маусымын аяқтау және 2025-2026 жылдардағы келесі жылыту маусымына дайындық мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазіргі жағдай туралы Энергетика және су шаруашылығы басқармасының, "Алматы жылу желілері", "Алматыжылукоммунэнерго", "Алматы электр станциялары", "Алатау Жарық Компаниясы", "Алматы Су", Алматы филиалы "QazaqGaz Aimaq" өкілдері баяндады.

Ұйымдардың мәліметінше, 2024-2025 жылдардағы жылу маусымы штаттық режимде өтіп жатыр. Барлығы 404 білім беру, 128 денсаулық сақтау және 8 863 тұрғын үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген.

Жылыту маусымын дайындау және өткізу ережесіне сәйкес, Алматыда сыртқы ауа температурасының орташа тәуліктік +8⁰ және одан жоғары болғаны, гидрометеорологиялық қызмет тарапынан бес күн бойы тіркелгені негізінде 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды.

Жылу беру 10 сәуірден бастап кезең-кезеңімен өшіріле бастайды, алдымен әкімшілік ғимараттар, білім беру мекемелері, мәдениет нысандар және басқалары, кейін тұрғын үйлер (тұрғын үй ғимараттары, жатақханалар, қонақ үйлер) және әлеуметтік нысандар (балабақшалар, емдеу мекемелері, мектептер, кәсіби мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер).

2024 жылы қалада 20 км жылу жүйесі жаңартылды, 85 қазандықта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу