Алматыда 10-шы мерейтойлы "Бастау" кинофестивалі өтеді

504

Алматыда 29 қараша мен 3 желтоқсан аралығында X Халықаралық "Бастау" студенттік және дебюттік фильмдерінің кинофестивалі өтеді. Бұл туралы "Бастау" кинофестивалінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. 

Алматыда 10-шы мерейтойлы "Бастау" кинофестивалі өтеді Фото: el.kz

Мерейтойлық фестивальге қатысу үшін мыңнан астам өтінім келіп түскен. Нәтижесінде ішінен іріктеу комиссиясы әлемнің 40 елінен 53 конкурстық жұмысты анықтады. Байқауға Жапония мен Египет, Греция мен Палестина, Франция мен Катар, Израиль және Германия кинематографистері қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша фестивальдің мақсаты – әлем елдерінің жас кинематографистері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, олардың жұмысын қолдау және ілгерілету.

Биылдан бастап ең үздік қысқаметражды фильм авторына Қалықбек Салықов атындағы сыйлық беріледі. Бұл "Бастауда" берілетін жалғыз атаулы марапат емес. Фестиваль аясында дәстүрлі түрде үздік деректі фильмге Қазақстан деректі киносының белді қайраткерлерінің бірі, Қазақ КСР халық әртісі, режиссер Ораз Әбішев атындағы сыйлық беріледі.

Сонымен бірге, фестивальде алғаш рет NETPAC қазылар алқасы жұмыс істейтін болды -бұл 30 елден тұратын Азия киносын ілгерілету жөніндегі бірлестік. NETPAC бүкіл әлем бойынша бірнеше ондаған кинофестивальдерде берілетін "Үздік азиялық фильм" арнайы сыйлығын табыстайды. Осы жылдан бастап мұндай марапат "Бастау" үшін де берілетін болды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу