Алматыда "Бастау" кинофестивалі оныншы рет өтеді

638

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 29 қараша мен 3 желтоқсаны аралығында "Бастау" X Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Алматыда "Бастау" кинофестивалі оныншы рет өтеді Фото: e-cis.info

Алматыда 10-ы мерейтойлық "Бастау" кинофестивалі өтеді

Алматы қаласының әкімдігінің қолдауымен 29 қараша мен 3 желтоқсаны аралығында "Бастау" X Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz "Бастау" кинофестивалінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фестивальдің мақсаты – әлем елдерінің жас кинематографистері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, режиссерлер мен сценаристерге өз жобаларын жүзеге асыру үшін бірегей алаң ұсыну.

Биыл фестиваль режиссер Яна Скопинаның "Скоро кончится лето" атты фильмінің қазақстандық премьерасымен ашылады. Яна - "Бастау" түлегі – оның алғашқы жұмысы - "Ты что-то прячешь в кулаке" атты қысқаметражды фильмі V "Бастау" ХКФ-да үздік деп танылған. Оның жаңа туындысы Ол "Кино" тобының музыкасына және өзгеріс сезіміне толы. Басты кейіпкер - Баха есімді жас жігіт, өзін табуға тырысады және поляк қызына ғашық болады.

Шараны Tanaris Production кинокомпаниясы ұйымдастырады. Фестивальдің серіктестері – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, "Тұран" университетінің Turan Film Academy жоғары мектебі және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Фестивальдің ашылуы 29 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Жабылуы - Chaplin Cinemas кинотеатрында.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу