Алматыда 10 жасар баланың асқазанынан бір келіге жуық шаш пен жүн шықты

648

Дәрігерлер 90 минут операция жасады. 

Алматыда 10 жасар баланың асқазанынан бір келіге жуық шаш пен жүн шықты Фото: Ulysmedia.kz

Алматыда дәрігерлер ұл баланың асқазанынан 900 грамм шаш пен жүн алды. 10 жасар науқас балалар ауруанасына іш ауыруы, құсу, ауырсыну және әлсіздік шағымдарымен жеткізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы қаласының №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анасының айтуынша, баланың шаш, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнап, жұтып қоятын жаман әдеті болған. Ол кілемнің түгін де суырып алып шайнайды екен.

"Дәрігерлер 90 минут операция жасады. Асқазаннан үлкен трихобезоар алынды. Баланың асқазанында шырыш пен тағам араласқан 900 грамм шаш пен жүннен диаметрі 20-да 15 см болатын орам пайда болған", делінген аурухана таратқан ақпаратта.

№2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қаптағаев атап өткендей, трихобезоар қорытылмаған заттардың – шаш пен жүннің тамақ массасымен жиналуынан пайда болған, ол асқазан сөліне араласып, тығыз орамға айналған.

Осы орайда дәрігер ата-аналарға баласының патологиялық мінез-құлық реакцияларына ерекше назар аударып, аталған жаман әдеттер болған жағдайда дереу мамандарға: психологтарға (психотерапевттерге), невропатологтарға, гастроэнтерологтарға хабарласуға кеңес берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу