Алматыда 10 жастағы баланы зорлаған педофилге үкім кесілді

1224

Алматыда педофил 20 жылға сотталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Абдрахманов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алматыда 10 жастағы баланы зорлаған педофилге үкім кесілді

1996 жылы туған Noori Khalil есімді азамат 2019 жылдың қарашасынан 2020 жылдың 2 желтоқсаны аралығында 2010 жылы туған "С" есімді жеткіншекке қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны хабарланып отыр.

"2020 жылдың 3 желтоқсанында жәбірленуші жеткіншектің анасы үйде кір киімдерді тазалау кезінде ақ дақтар жағылып былғанған ұлының іш киімін тауып алған. Ұлы түнде ұйықтап жатқанда, Noori Khalil оның қасында жатып, азғындық әрекеттер жасағанын айтқан. Белгілі болғандай, Noori Khalil баланың анасының бірге тұратын адамының досы болған, кейде олардың үйінде қалып түнейтін. Ұялы телефонмен бірге ойнауды сылтауратып баламен бір бөлмеде ұйықтайтын сәтті пайдаланған азғын баланы жанына жатуға шақырған. Педофилдің ойынан күмәнданбаған бала оның ұсынысына келісе кеткен. Осылайша сотталушы өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асырған", - деп атап өтті Рустам Абдрахманов.

2020 жылдың желтоқсанында болған қылмысты тергеу барысында айыпталушының 2019 жылдың қараша айында осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы бар екені анықталған.

"Баланың айтуынша, ол Noori Khalil-ді өзінің үлкен ағасы ретінде қабылдап, олардың үйіне келгенде оны "Хан" деп атаған. Күдіктінің қылмыстық әрекеттері ҚР ҚК- нің 121-бабы 4-бөлігі (жас балаға қатысты бірнеше рет жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша анықталды", - деді ол.

Сот үкімімен Noori Khalil-ге педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу