Алматыда 100-ден аса есірткі саудасының жолы кесілді

307

Жыл басынан бері Алматыда 383 есірткі дерегі анықталған.

Алматыда 100-ден аса есірткі саудасының жолы кесілді Фото: Polisia.kz

"Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда 383 есірткі қылмысы анықталып, есірткі сатуға қатысты 107 деректің жолы кесілген. Заңсыз айналымнан 227 келіден астам есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде, 67 келіден астам гашиш, 149,4 келі марихуана және 8,1 келі синтетикалық есірткі. Сонымен қатар “синтетика” шығаратын 7 зертхана жойылды. Сондай-ақ қаладағы ойын-сауық мекемелерінде есірткі таратудың 4 дерегінің жолы кесілді", делінген ІІМ хабарламасында.

Жедел бөлім жыл басынан бері 50 бетбелгі қоюшы және ҚР ҚК-нің 299-1-бабымен есірткі ресурстарын жарнамалаған 5 адам ұсталғанын хабарлады. 

Сондай-ақ, полицейлер еріктілермен бірлесіп, 242 профилактикалық іс-шара жүргізді 4500-ден астам граффити суретін бояды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу