Алматыда 100 мыңнан астам тұрғынды сумен қамту үшін сорғы станциясы қалпына келтірілді

286

Станция 30 мың тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген.    

Алматыда 100 мыңнан астам тұрғынды сумен қамту үшін сорғы станциясы қалпына келтірілді Фото: Almaty_akimdigi telegram

Алматыда бірнеше жыл бойы жұмыс істемей тұрған "Индустриялық аймақ" сорғы станциясы қалпына келтіріліп, техникалық іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нысан Алатау ауданының батыс бөлігіндегі сумен жабдықтау жүйесінің қуатын арттырады.

Қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, станция шамамен 30 мың тұрғын мен өнеркәсіптік нысандарды сумен қамтамасыз етуге есептелген. Оның қосымша қуаты Наурызбай ауданының солтүстік бөлігі мен Алатау ауданының оңтүстік-батысындағы 100 мыңнан астам тұрғынды тұрақты сумен қамтуға мүмкіндік береді.

Станция әсіресе жаз мезгілінде су тұтыну көлемі артатын аумақтар үшін қажетті қуат резервін қалыптастырады.

Нысанды іске қосу алдында кешенді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Ұзақ уақыт пайдаланылмаған станцияға техникалық аудит жасалып, жабдықтар мен кабель желілері, сондай-ақ негізгі инженерлік жүйелер қалпына келтірілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу